Publisher: | Сытина баспаханасы |
Genres: | Әдебиеттану |
Pages: | 344 pages |
ISBN13: | 9786012844788 |
Город публикации: | Павлодар |
Язык книги: | қаз. тілі |
Хранилище: | ОӘҒК |
Ұлттық әдебиетіміздің ұлан бастауында тұрған қаламгерлердің бірі Жүсіпбек Аймауытұлы зобалаңды заманда арман арқалап кеткен асылдарымыздың бірі екені көпке белгілі. Тағдыр деген ұстарынын жүзінде ғұмыр кешкен Жүсіпбек әдебиетпен айналысқан азғана уақыттың ішінде соңында өлмес туындылар қалдырған тума дарын, теңдессіз қаламгер. Жазушының 135 жылдық мерейтойы қарсаңында әзірленген бұл жинаққа оның сан қырлы шығармашылық тұлғасын (ақындығын, аудармашылығын, ғалымдығын, режиссерлігін, актерлігін, сазгерлігін т.б.) айқындайтын таңдаулы мақалалар топтастырылған. Әдебиетші-ғалымдар өз еңбектерінде Жүсіпбек Аймауытұлының қаламгерлігі мен қайраткерлігіне, азаматтық келбетіне қатысты түрлі деректер ұсынып, толымды пікірлер айтып, оның бірегей тұлғасын әр қырынан бедерлейді. «Қара сөздің қағбасы» атанған қаламгердің өлмес рухына бағышталған бұл кітап болашақта Жүсіпбек мұрасын зерттеушілер үшін таптырмас дүние болары анық.