Алаштың Темірғалысы

0.00 Avg rating0 Votes
Publisher: Сытина баспаханасы
Genres: Тарих
Authors:
Pages: 168 pages
ISBN13: 9786017896546
Город публикации: Павлодар
Язык книги: қаз. тілі
Хранилище: ОӘҒК

    Темірғалы Нұрекеновтің есімі мұрағатта 1905 жылы патшалық Ресей үкіметіне жолдаған хат авторларының бірі ретінде кездеседі. Ол хатта дала өлкесін мекен еткен қазақ жұртшылығының басындағы өзекті мәселелерді көтерген 47 тармақтан тұратын өтініш орын алған. Бұл кісі заманына қарай ақылды әрі оқымысты болыпты. Оның ұлы атасы Нұрекеннен басталған бақ-дәулет, атақ-даңқ оның ұрпақтарында үнемі өсіп, дамып отырған. Тепкен тасы өрге домалап, ойға алған дүниесі ешбір қиындық кедергісіз өзінен-өзі шешіліп, орындалып жатады екен. Мұндай таңғажайып қасиет Темірғалы басында көп кездескен екен. Аталары, әжесі, туған-туыстары кеңестік жүйе орнағанға дейін ел билеп, болыстыққа. сайланып, оқу оқып, қазақтың зиялы қауым қатарынан саналған Темірғалы әулетінің өсіп-өнуіне сталиндік саясат балта шапты. Қазақ елі талай зобалаңды басынан кешті. Кеңестік жүйе ойына келгенін жасады. Соның бәрі қазақтың тарихында қара таңбасын қалдырды. Қазақтың талай оқымысты, талантты азаматтары секілді бұл әулет те тоз-тоз болды. «Тұлпардың тұяғы» дерлік Ресей Думасының депутаты Темірғалыдан қалған ұрпақтың бірі, шөбересі Каспикамал Темірғалықызы. Бұл кітап текті әулеттің қызы марқұм Каспикамал Темірғалықызының аманатымен жазылып, құрастырылды. Кітап ел мен жер танумен айналысатын, тағылым алатын, алаш азаматтары туралы еңбек жазып жүрген жазушы, ғалымдар.

Reviews

Required fields are marked *. Your email address will not be published.