Издатель: | С.Торайғыров атындағы ПМУ |
Жанры | Тіл білімі |
Авторы: | Уахатов Бекмұрат |
Страницы: | 215 страниц |
ISBN13: | 9786012387988 |
Город публикации: | Павлодар |
Язык книги: | қаз. тілі |
Хранилище: | ОУНБ |
Филология ғылымдарының докторы Бекмұрат Уахатовтың монографиясында қазақтың тұрмыс-салт өлеңдеріне неғұрлым дәл де дәлелді зерттеулер жүргізу мақсатымен оны туыстық тарихы тереңде жатқан қырғыз, қарақалпақ, ноғай, татар, башқұрт, қарашай, алтай халықтарының жырларымен салыстырылған. Бұл ретте автор советтік фольклортану ғылымында кең қолданылып жүрген ұқсастықтың үш түрлі типін таратып, оны қалай түсініп, қалай іске асырудың нақтылы жолдарын ұсынған. Сондай-ақ, сюжеттік ситуацияның рөлі, композициясы, оның жасалу жолдары мен түрлері, дәстүрлі қайталаулар мен тұрақты формулалардың көркемдік ерекшеліктері анықталған. Қысқасы, тұрмыс-салт жанрының поэтикасын тарихи-салыстырмалы тұрғыдан зерттеудің нәтижесінде бұл жанрдың шығу тегіне, оның көне үлгілері мен даму стадияларына арнайы талдаулар жасалады. Кітап фольклоршыларға, әдебиетшілерге, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне, халақтық поэзияны сүйетін көпшілік қауымға арналған.