Санадағы таңбалар

0.00 Средний рейтинг0 голосов
Жанры Көркем әдебиет
Авторы:
Страницы: 200 страниц
ISBN10: 5766731604
Город публикации: Алматы
Язык книги: қаз. тілі
Хранилище: ОУНБ

    Есім Ғарифолла (1947 ж.) – философ-ғалым, абайтанушы. Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, Аққу ауылында дүниеге келген. Н. К. Крупская атындағы Семей педагогикалық институтының филология факультетін аяқтаған соң, саясаттану және философия кафедрасында оқытушы болып жұмыс істейді. В. И. Ленин атындағы Мәскеу мемлекеттік педагогикалық институты философия кафедрасында тағылымдамадан өтіп, С. М. Киров атындағы ҚазМУ-дың (қазіргі Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) философия және экономика факультетінің аспирантурасын тәмамдаған соң, сурет-графика факультеті деканы, Семей педагогикалық институтының философия кафедрасының меңгерушісі, КСРО Ғылым Академиясы Философия және құқық институтында аға ғылыми қызметкер, Сурет және қолданбалы өнер факультетінің деканы, Алматы мемлекеттік университетінің (қазіргі Абай атындағы ҚазҰПУ) философия және ғылыми әдістеме кафедрасы меңгерушісі, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің философия және саясаттану факультетінің деканы, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры әрі философия кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарған. «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ хабаршысының» ғылыми редакторы; «Научный мир Казахстана» журналының бас редакторы; «Ақиқат», «Абай», «Евразия», «Жалын», «Шәкәрім», «Туған тіл», «Мұқағали» журналдары мен «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы редакция алқасының мүшесі. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ҚР бойынша «Диалог Евразии» («DА») платформасы Ұлттық комитетінің төрағасы; Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткiштер мен монументтер жөнiндегi мемлекеттiк комиссия мүшесі; ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитеті президиумының мүшесі; ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі Қоғамдық кеңес мүшесі; ҚР Президенті жанындағы рақымшылық мәселелері жөніндегі комиссия мүшесі; Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі комиссия мүшесі. Қазақстандық бірқатар жоғары оқу орындарының құрметті профессоры. ҚР ҰҒА академигі, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, «Нұр Отан» ХДП мүшесі. 2007-2015 жж. – ҚР Парламентінің Сенаты, Әлеуметтік-мәдени дамыту жөніндегі комитеттің мүшесі болған. «Хакім Абай» (даналық дүниетанымы), «Санадағы таңбалар», «Абай философиясы мен дүниетанымы», «Абай энциклопедиясы», «Фалсафа тарихы», «Абай туралы философиялық трактат», «Философия слов», «Философский трактат об Абае», «Қазақ ренессансы», «Жар жағасы», «Наука совести», «Данышпан Шәкәрім» (қазақ және орыс тілдерінде); An Insider’s Critique of the Kazakh Nation: Reflections on the Writings of Abai Kunanbai-uhli (Los Angeles, California, USA, 2009), «На краю бездны», «Саяси философия», «Адам-зат» (қазақ тілінде), «Адам-зат» (түрік тілінде, Стамбул қ., 2009), «Философия независимости», «Метафизика человека», «Тұлғалар- қаламгерлер», «Тарланбоз» («Агония социализма») кітаптарының; «Фалсафа тарихы» хрестоматия оқулығының авторы, «Основы религиоведения» оқулығын бірлесе отырып жазған. 400-ден астам мақала мен жарияланым авторы. «Абайдың қара сөздері туралы пайымдаулар» авторлық куәлігі бар (электронды оқулық, 2005).

Отзывы

Обязательные поля помечены *. Ваш электронный адрес не будет опубликован.