Издатель: | Жібек жолы |
Жанры | Көркем әдебиет |
Авторы: | Қанапиянов Бақытжан |
Страницы: | 560 страниц |
ISBN13: | 9786012942897 |
Город публикации: | Алматы |
Язык книги: | қаз. тілі |
Хранилище: | ОУНБ |
Ақын әрі жазушы, бірқатар әдеби сыйлықтардың иегері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Бақытжан Қанапияновтың есімі бүгінде әлем жұртшылығына да кеңінен танымал. Оның оннан астам жыр жинақтары дүниежүзінің көптеген тілдеріне аударылып, Америка, Ұлыбритания, Франция, Ресей, Украина, Польша, Армения, Моңғолия, Малайзия, т.б. елдерде жарық көрді. Ақын жырларын қаламдас қазақ достары туған тілде де сөйлетуде. Қаламгердің қазақ тіліндегі екі томдық шығармалар жинағының бірінші томына оның К. Салықов, Ж. Жақыпбаев, Д. Стамбеков, Иран-Ғайып, Е. Раушанов, Ғ. Жайлыбай, Н. Айтов, М. Ерімбетов, Р. Оңғарбай, Ө. Яшүкірқызы сынды ақындардың аударуындағы өлеңдері мен поэмалары енді. Аудармалардың біразын автордың өзі қарап, өңдеуге атсалысқан.
Б. Қанапиянов сондай-ақ проза жанрында да сәтті қалам тербеп жүр. Оқырмандар жинақтан автордың қазақ тіліне аударылған әңгімелері және повестерімен таныса алады.
Басылым қаламгердің 70 жасқа толуына орайластырылған.