Көк бөрілердің көз жасы Тарихи роман

0.00 Средний рейтинг0 голосов
Издатель: Елорда
Жанры Көркем әдебиет
Авторы:
Страницы: 528 страниц
ISBN10: 9965061173
Город публикации: Астана
Язык книги: қаз. тілі
Хранилище: ОУНБ

    Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдығына тарту ретінде ұсынылып отырған бұл роман желісі халқымыздың біртұтас ұлт болып қалыптасу кезеңіндегі күрделі тарихи оқиғаларды негізге алған. Онда XIII ғасырда тұтас Алаш жұртының шығысында – желдің өтінде, жаудың бетінде тұрған қазақ ұлыстарының (Найман, Керей, Меркіт, Жалайыр, Қаңлы, Үйсін т.б.) Шыңғыс шапқыншылығына қарсы күрестері, сондай-ақ олардың Жошы ұлысына дейінгі кезде бір-бірімен қауымдасып, біріккен Қазақ мемлекетін құруға ат салысқан жанкешті, ерлік істері сөз болады. Романның басты кейіпкерлері ретінде аттары көптеген тарихи жазбалардан мәлім болған Тайбұка, Тұғрыл, Бұйрық, Тоқтабек, Күшлік хандарды, сондай-ақ Қолтуған мерген, Көксау Саурық сынды батырлар мен Құба-текін, Кетбұға, Майқы тектес жырау-шешендерді, Арғусын қобызшыны, Кербезі сұлу бегім, Сары-тана, Уәлін кемпір, Құлан қатұн және Күнкей тектес даңқты әйелдерді атауға болады. Олардың төңірегінде өрбіген оқиғалар түгелімен тарихи деректер негізінде жазылған. Романдағы жалпы оқиғалар XII ғасырдың соңы мен XIII ғасырдың бірінші ширегіне дейінгі 25-30 жылдық уақытты қамтиды. Тұтас шығарма үш бөлімнен тұрады. Романда сөз болатын геотарихи аумақ – Ежелгі Орқын бойы, Ханғай мен Ханғарқан етектері, Саян қабырғалары, Алтайдың күн беті мен Қара Ертістін, ұзына бойы, алып Ерен-Қабырға, Ботаның сазы, Сайрам, Алакөл, Көкшетеңіздің жағасы, Жетісу, Талас пен Шудың бойы, Бедел асуы, Қашқария өлкесі, Таулы Бадақшан т.б. Романның тілі жатымды әрі көркем. Оқиға желісі қызғылықты. 

Отзывы

Обязательные поля помечены *. Ваш электронный адрес не будет опубликован.