Издатель: | Сытина баспаханасы |
Жанры | Тіл білімі |
Авторы: | Кинжикова Шолпан |
Страницы: | 216 страниц |
ISBN13: | 9786012844283 |
Город публикации: | Павлодар |
Язык книги: | қаз. тілі |
Хранилище: | ОУНБ |
Оқу құралы қазақ тілін оқытудың жаңа әдістемесін қалыптастырады. Мұнда берілген тапсырмалар әр тақырыпқа қатысты сабақтардан тұрып, олардың қабылдану аспектісін сипаттайды. Оқу құралының тапсырмасы әр алуан, бірақ қоғамда, күнделікті өмірде кездесетін мәселелерді тиянақтайды. Оқырманның лексикалық минимумын кеңейтіп, грамматикалық өзгешеліктерді меңгеруге жетелейді. Оқу құралы жаңа технологияға негізделген: әр тапсырманы орындауда QR-код жүйесін пайдалануға болады.
Оқу құралы қазақ тілін ана тілі ретінде толық игеруді қалайтын және мемлекеттік тілді меңгеруді азаматтық борышы санайтын кез келген тыңдарманға арналған. Сонымен қатар қазақ тілінің жаңаша оқытылуына өз үлесін қосып, осы бағыттағы ізденушілерге көмегі тиеді.
Оқу құралы тыңдаушының практикалық тұғырын тұрақтандырады. Әр тақырып жаңа сөздерді есте сақтаудың жүйесін ұсынады, оның морфо-синтаксистік құрылымын сақтайды, стилистикалық қолданысын байытады. Тақырыпқа сай мақал-мәтелдерді тарту/таныту, мәтінге аударма жүргізу, диалог құрастыру сынды талаптар оқырманның сөйлеу қорын толықтыруына жәрдемін тигізеді.
Әр тақырып сұранысына сәйкес суреттік танымдар байытады. Ал «интерактивтік» бағыттағы тапсырмалар оқырманның қазіргі жаңа технологияларды меңгеруін қалайды. Кез келген тапсырма жаңа технология жүйесіне қосылған. Егер смартфоныңыз QR-код бағдарламасын қабылдаса болғаны жоғарыдағы дәстүрлі сабақтарды. өз меншігіңіз ретінде пайдалана аласыз. Демек, өзіңіздің уақытыңызды үнемдеп, өз еркіңізбен қай ауқытта, қай жерде болмасын, тапсырмаларды орындау мүмкіндігі туады.