Адам бол

0.00 Средний рейтинг0 голосов
Издатель: Өрнек
Жанры Көркем әдебиет
Авторы:
Страницы: 321 страниц
ISBN13: 9786014282492
Город публикации: Астана
Язык книги: қаз. тілі
Хранилище: ОУНБ

    Барлық дәуір, барлық ортада адамгершілік қағидалары бірдей. А. Тойшыбайұлының «Адам бол» атты еңбегі «Жай ғана қарапайым бол», «Әр таңды қуанышпен қарсы ал», «Өміріңнің бірде-бір күніне өкінбе», «Үнемі риза болып өмір сүр», «Жақсы адам бол», «Жарықтан жарыққа қарай жүр», «Күн сайын жаңа өмір баста», «Әр күн ғажайып», «Өмір бұл мүмкіндік» атты 9 тараудан және Қорытынды тараудан тұрады. Еңбекте сезімді селт еткізіп, санаға сәуле түсіретін шағын эпизодтар мен мысалдар арқылы адамды өзін және өз қалауын түсінуге жетелеп, адамның ақыл-ойының сан қырлы нәзік те құпия иірімдерін қамтып, «Өмір-сенің мүмкіндігің, оны қалай пайдалануға тікелей тек өзің ғана жауаптысың» деген қорытындыны жасайды. Ол үшін жақсыға бұйырып, жаманнан тиылып адал өмір сүру қағидасын әр сөйлем сайын алға шығарады. Бұл еңбек педагогтар мен психологтарға, студенттерге, жоғары сынып оқушыларына, ұрпағын ізгі адам етіп тәрбиелегісі келген ата-аналарға және жалпы оқырманға арналған.

Отзывы

Обязательные поля помечены *. Ваш электронный адрес не будет опубликован.