Издатель: | ЭКО |
Жанры | Көркем әдебиет |
Авторы: | Байдүйсен Тоғжан |
Страницы: | 56 страниц |
ISBN13: | 9786012842937 |
Город публикации: | Павлодар |
Язык книги: | қаз. тілі |
Хранилище: | ОУНБ |
Байдүйсен Тоғжан – дарынды шәкірт, жыр әлемін тануға талпынған талантты, шығармашыл жас. Сабақтан сәл қолы босаған сәттерде жыр маржандарын төгілткен арманы ұшқыр жас ақын. Ол – халқының ана тілі мен әдебиетін қатар сүйген еліміздің сүйкімді аруы, өнерлі өрені.
Автор «Асқақ арман» деп аталатын алғашқы жыр туындысыңда: «Өзім жайлы», «Мәңгілік ел», «Қазағымның ертеңі», «Керек боп жүр, төзім шын» және т.б. сан алуан тақырыптарға қалам тербейді. Сондай-ақ, өзі таңдаған әр тақырыпты ой елегінен өткізіп, балалық танымы тұрғысынан барынша әділ баға беруге талпынады. Жинақта автордың балауса балғын сезімі, өмірден түйген ой-толғамдары, қоршаған ортаға, Отанына, халқымыздың біртуар дара тұлғаларына деген шексіз құрметі баяндалған. тілі жаттық, ойы тұшымды.