Genres: | Көркем әдебиет |
Authors: | Кенеев Таңдай |
Pages: | 137 pages |
Город публикации: | Алматы |
Язык книги: | қаз. тілі |
Хранилище: | ОӘҒК |
Өлшеулі өміріңнің қаншалықты ұзақ екенін білесің бе? Өзімізге «Мен кіммін?», «Үлгілі із қалдыруға қандай іс жасадым?» деген сұрақты қойып көрдік пе? Әлде мұның бәрі атүсті көзқарас деп санайсың ба? Жоқ. Мойындауға жүрексінеміз. Егер жоғарыдағы сұрақтарға жауап тапқың келсе, онда осы дүниеге өзіндік іс пен із қалдырған жайсаңдардың өмірімен танысқын. Бұл өмір тәжірибесі.
Өсетін ұрпақ өткенге бас иіп, болашағына аманат етеді.
Қазақтың бірегей ұлдарының бірі, кеңестік дәуірдің алғашқы жылдарында республика комсомолының жетекшісі, облыстық компартияның хатшысы, қазіргі «Жас алаш» газетінің (14-ші) бас редакторы қызметтерін атқарған – Әшір Бүркітбаев.
Әшір Бүркітбаев қамшының сабындай ғұмырының соңғы жылдарын алғашқы директоры болған Қазақтың кен-металлургия институтының (қазіргі Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті) қалыптасуына арнады. Отыз екі өмір кешті. Қаншама іс жасап, із қалдырды десеңші.
Өлшеулі өмірдің мәні осында емес пе?
Бұл кітапты оқы деудің орнына Әшір Бүркітбаев секілді азаматтарды тани білу керек.