Жанры | Тарих |
Авторы: | Алпысбес Мақсат |
Страницы: | 380 страниц |
ISBN13: | 9786017376123 |
Город публикации: | Астана |
Язык книги: | қаз. тілі |
Хранилище: | ОӘҒК |
Кітаптың негізгі мәселесі – шежіре тарихнамасы мен деректері. Қазақ шежірелері генеалогиялық ақпарат жүйесін, дәстүрлі тарихи сана мен тарихи таным кешенін құрайды. Еңбектің теориялық және методологиялық іргелі негізгі ретінде тарихнамалық зерттеулер, деректану саласы бойынша жасалған отандық және шетелдік ғалымдардың салмақты тұжырымдары, ғылымда қалыптасқан тарихи-деректік сыныптау жүйесі алынған, талдаулар жасалынған.
Шежірелерде көне аңыздар, жер-су аты туралы, халықтың шығу тегі, рулардың қалыптасу тарихы туралы мәліметтер бар. Халықтың әйгілі тұлғалары – билер, хан, сұлтандар, мырзалар, бытырлар, атақты ақындар туралы деректі де тек шежіре арқылы табуға болады. Халық шежірелері, ескі сөзі мен тарихи жырлары – қазақ қауымының рухани өмірі мен тұрмыс-тіршілігі туралы шындықты айтатын маңызды дерек көзі.
Кітап тарихшыларға және жалпы оқырман қауымға арналады.