Белгілі педагог, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі Ә.Қ. Алгиевтің мақалалар жинағы - Сборник статей известного педагога, заслуженного учителя Казахстана А.К. Алгиева

0.00 Средний рейтинг0 голосов
Жанры Білім
Страницы: 130 страниц
Город публикации: Актобе
Язык книги: қаз. тілі
Хранилище: ОӘҒК

    Белгілі педагог, оқу-тәрбие саласын ұйымдастырушы, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі Әділхан Қалиұлы Алгиевтің мақалалар жинағында кезінде одақтық, республикалық, облыстық баспасөз беттерінде жарияланған мақалалары, очерктері ұсынылған.

    80-жылдардың басындағы жарияланымдарда жалпы мектептегі сабақ пен оқу-тәрбие үдерісін құрастыруға жүйелі, кешенді көзқарасты қамтамасыз ететін оқу-тәрбие үдерісін оңтайландырудың теориясы мен әдістемесіне көп көңіл бөлінді.

    80-ші жылдардың екінші жартысындағы және 90-шы жылдардың басына дейінгі мақалар сол кездегі нақты жағдайды – білім беру жүйесінің еңбек, өндіріс нарығымен қарым-қатынасындағы өткір шиеленісті көрсетеді. Білім берудегі дағдарыс туралы ой жүгіртіп, автор жеке жетілдірудін, ішінара реформаның емес, түбегейлі қайта құрудың, білім берудің негізгі бағыттарындағы, элементтері мен аспектілеріндегі серпілістің қажеттілігі туралы айтады.

    Бірнеше мақала қоғамымыздың әлеуметтік мәселелеріне, мораль мен адамгершілік проблемаларына арналған. Автор бір отбасының, жеке тұлғалардың тарихын баяндай отырып, тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуының күрделі кезеңдерін ашып көрсетеді.


Отзывы

Обязательные поля помечены *. Ваш электронный адрес не будет опубликован.