Жанры | Фольклор |
Авторы: | Әбілұлы Мендібай |
Страницы: | 73 страниц |
ISBN13: | 9786017440337 |
Город публикации: | Тараз |
Язык книги: | қаз. тілі |
Хранилище: | ОӘҒК |
Белгілі ғалым М. Әбілұлының «Билер поэзиясы» деп аталатын кітабына бірнеше ғылыми мақалалар еңгізілді.
«Қытай шапқыншылығы» деп аталатын ғылыми-танымдық мақаласында ежелгі дәуірдегі қытайлардың қазақ түркілеріне жасаған басқыншылығы туралы орта ғасырда сопылық ағымды дамытқан А. Иасауидің хикметтерінен сілтеме бере отырып, жазушы Ә. Кекілбаевтың; қазақ ғалымдары Қ. Жұбановтың, Қ. Жарықбаевтың, А. Қыраубаеваның, И. Жеменейдің, Ч. Мусинніің; жорналшы Т. Абайлдаевтың; орыс ғалымдары Л.Н. Гумиловтың, О.Г. Большаковтың еңбектеріндегі, қазақ ақындары Ж. Жабайұлының, М. Жұмабаевтың, А. Жұмағалиұлының мәні терең ойларымен бөліседі.
«Молақсай жырау», «Тоғанас жырау» атты ғылыми мақалаларында ғұн дәуіріндегі ауыз әдебиеті туралы ой қозғаса, «Билер поэзиясы» атты ғылыми мақаласында атақты билер Төле бидің, Қазыбек бидің, Әйтеке бидің, Ақтайлақ бидің, Мөңке бидің толғаулары мен өлеңдері туралы ғылыми тұжырымдар жасаған.
М. Әбілұлы XV ғасырда өмір сүрген Асан жырау мен Қазтуған жыраудың толғауларындағы діни көзқарастар жөнінде де ой қозғайды.
Кітап мектеп оқушыларына, колледж және жоғарғы оқу орындарының студенттері мен магистранттарын, жас ізденушілерге, ғалымдарға, жалпы көпшілік оқырман қауымға арнап шығарылды.