Издатель: | Қазақ тілі |
Жанры | Тіл білімі |
Авторы: | Сағындықұлы Бекен |
Страницы: | 320 страниц |
Город публикации: | Алматы |
Язык книги: | қаз. тілі |
Хранилище: | ОӘҒК |
Жинаққа филология ғылымының докторы, профессор Бекен Сағындықұлының 1994 жылдан бастап жариялаған таңдаулы мақалалары енді. Олар энциклопедиялык және академиялық еңбектерде, сонымен қатар оқу-әдістемелік журналдар мен әр алуан ғылыми жинақтарда жарық көрген болатын. Үш тарауға сараланған еңбек қазіргі синтаксистің негізгі нысандары сұранысына жауап береді. Синтаксистік заңдылықтармен бекітілген нақты тұжырымдар әлі де болса көкейтестілігін жоғалтпаған. Тіл білімі маманы ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың алғашқы он бес жылдығындағы ғылыми ізденістері арқылы тіл білімінің қазіргі жетістіктерін таныта алған. Жинақ тіл білімінің синтаксис саласын барынша меңгеруді қалайтын студенттер мен магистранттарға арналған. Сонымен қатар сала/салааралық қатысым (контактология) мен ғылыми тартыс (конфликтология) қызықтыратын ізденушілерге көмекші құрал бола алады.