Издатель: | Сытина баспаханасы |
Жанры | Көркем әдебиет |
Страницы: | 276 страниц |
Город публикации: | Павлодар |
Язык книги: | қаз. тілі |
Хранилище: | ОӘҒК |
Ертістің Кереку өңірінің тумасы, алғашқы қарлығаш журналист әйел, қоғам қайраткері, "Қызыл жұлдыз" орденді Ләзиза Мешітбайқызы Серғазина туралы біз не білеміз? Шығыстың шырағданы атанған жерлесіміз, Ләзиза Мешітбайқызы көрнекті журналистігімен бірге, өзі де өлең жазған, төл әдебиетімізді көркем аудармашылығымен байытқан, қаламы төселген, тіл байлығы мол, шебер тәржімалаушы, қарымды қаламгер болатын. Қазақ әдебиетінің шоқ жұлдызы Әбу Сәрсенбаевтың шығармашылық жолындағы бағдаршамы еді. Қос жұлдыздың тағдыры тазалық пен сыйластықтың үлгісі болған. Кітап екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде аяулы ана, адал жар, қоғам қайраткерінің өткен өмір жолы, замандастары, іні-бауырлары, қыздары мен әріптестерінің естеліктері берілсе, екінші бөлімде өмірде қалдырған іздері, 1939-1956 жылдар аралығында жазған күнделігі, басқа да шығармашылығы топтастырылды.