Издатель: | Қазығұрт |
Жанры | Көркем әдебиет |
Авторы: | Олжабай Сабырбек |
Страницы: | 240 страниц |
ISBN10: | 9965221480 |
Город публикации: | Алматы |
Язык книги: | қаз. тілі |
Хранилище: | ОӘҒК |
Өмірдің өзегі - әзіл. Ішінде әзілі, сарайында сықағы бар адам - қоғамның досы. Сабырбек Олжабайдың жазғандарын оқып отырып, ойыңыз он саққа жүгіреді. Оның суреттеуінде біздің арамызда теріс қылық танытып жүргендердің өзі басқаларға жөн-жоба көрсететін "тәлімгер" секілді. Жазбагер "Мынау қоғам - бізге лайық қоғам. Одан артық ешнәрсе іздеп таба алмайсын. Сондықтан өкінсең де, күйінсең де одан суынба. Айналаңа қара да өз ауылыңды түзе" деген ой тастайды. Астамшылық пен абыройсыздыққа бастайтын абайсыздықтан сақтаңдырады. Шығармалардың тілі жеңіл, ешкімнің де зықысын шығармайды. Арзанға алып, қымбатқа кенелесіз. Оқылар оқшау дүниелер көбейсін!