Жанры | Медицина |
Авторы: | Рахимов Қайролла |
Страницы: | 799 страниц |
ISBN13: | 9786017292829 |
Город публикации: | Алматы |
Язык книги: | қаз. тілі |
Хранилище: | ОӘҒК |
Бұл кітапта автордың 1975 жылдан бастап бұқаралық ақпарат құралдарында, құжаттарда, ғылыми әдістемелік оқулықтарда жарияланған ғылыми-өндірістік, ұйымдастырушылық және педагогикалық қызметіне байланысты фитофармакологияның ғылыми мектебінің дамуы ретінде мақалалар мен очерктер хронологиялық тәртіпте көрсетілген. Медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Қ.Д. Рахимов клиникаға дейінгі және клиникалық фитофармакологияның іргелі, қолданбалы және инновациялық зерттеулерін; отандық және шет елдік дәрілік препараттарды өңдеу және сараптау; Мемлекеттік фармакологиялық комитетте дәрілік заттарды тіркеуді мемлекеттік бақылау (ҚР алғаш рет) жұмыстарын жасады. Жоғарғы білім беруде практикалық медицинаға, ғылыми мекемелерге фармакология, фармация саласында білікті медициналық кадрларды дайындай отырып өмірінің 40 жылдан астам уақытын осы салаға арнап, Қазақстан Республикасының фитофармакология мектебінің негізін салуға бар білімін, күш қуатын аямай тер төккен ғалым. Өзінің ізін жалғастыратын шәкірттерін тәрбиеледі. Отаңдық фитофармакологияның дамуына шәкіреттері де өз үлестерін қосып келеді. Аталмыш кітаптың ерекшелігі мұндағы барлық ақпараттар - репринттер, жарияланған мақалалардың, құжаттардың көшірмелері. Осы еңбек фитофармакология, фармакология, клиникалық фармакология мамандарына, фармацевтерге, сондай-ақ әртүрлі саладағы дәрігерлер мен оқушы қауымға ұсынамыз.