Кең өріс

0.00 Средний рейтинг0 голосов
Издатель: Қазақтын біріккен мемлекет баспасы
Жанры Көркем әдебиет
Авторы:
Страницы: 306 страниц
Город публикации: Алматы
Язык книги: қаз. тілі
Хранилище: ОӘҒК

    Ғабдол Сланов (15 қыркүйек 1911, Атырау облысы, Қызылқоға ауданы - 17 ақпан 1969, Алматы) - жазушы. Ғ.Сланов ұзақ жылдар бойы Қарғалы шұға комбинатының өмірін зерттеп, Жетісу өңірінде көп ұлтты жұмысшы табының қалыптасу тарихын бейнелейтін "Acaу арна" (1963; орыс тілінде - 1971) романын жазды. Өнер тақырыбын сөз ететін "Домбыра күйі - Ақиық" (1960), ауыл өмірінен алынған "Қызбел" (1960) повестері жарык көрді. "Айқайтас" атты аяқталмаған романы жазушы шығармаларының 6 томында жарияланды. Әр алуан тақырыпқа арналған көптеген очерктері "Өмірдің асқар биігінде" (1940), "Бесжылдық өрендері" (1951), "Замандастар" (1958), "Азамат" (1966), "Замана шежіресі" (1970), "Алтай баласы" (1973) жинақтарында жарияланды. "Махамбет" атты пьесасы (1956) республика театрлары сахналарында қойылды. Жекелеген шығармалары орыс тіліне аударылған. А.Фадеевтің "Жас гвардия" романын (1947) қазақ тіліне аударды. "Құрмет белгісі" (1945) орденімен және медальдармен марапатталған.

Отзывы

Обязательные поля помечены *. Ваш электронный адрес не будет опубликован.