Издатель: | Қазмемкөркемәдеббас |
Жанры | Көркем әдебиет |
Страницы: | 344 страниц |
Город публикации: | Алматы |
Язык книги: | қаз. тілі |
Хранилище: | ОӘҒК |
Жазба әдебиеті өте кенжелеп, тек Ұлы Октябрь революциясының арқасында Ленин-Сталин партиясының ұлт саясатының саясында ғана өрістеген, қазак әдебиетінің арғы негізі ауыз әдебиеті. Ол әдебиетті сақтап келген халық ақындары, жыршы, өлеңшілері. Патшалық россияның қанауына, ислам дінініц кертартпа надан қоршауына түскен қазақ халқының ауыз әдебиеті де алүан соққыға ұшырап меблінше тозғындаған болатын. Ол үшін алысқа бармай-ақ, қазақ халық поэзиясының алыбы, Жамбыл, оның иін қатар замандастары Доскей, Шашубай Нұрпейістерді алсақ, октябрь революциясына өзінің өмір серік жырының сүлдесін ғана әкеліп жеткізді.
Тек Ленин-Сталин партиясының халық творчествосына, ерекше кеңіл бөліп өрістетуінің арқасында ғана, олар тозған домбырасын қайта қолға алды; халық бостандығы, бақытты өмір, ғылым жаңалығы рухтандырған дарынды акындар, жаңа заманды, октябрь революциясын, оның көсемдері Ленин-Сталинді, олардың серіктерін сүйіп жырлады. Сол сыяқты колхоз құрылысында әйел бостандығы, мәдениет табысы Қызыл Армияның жеңісі, оның батырлары туралы дастандар, жырлар туғызды. Жамбыл, Нұрпейіс, Шашубай, Доскейлер бастаған ақындар тобы жыл санап көбейе түсті. Кенен Әзірбаев, Нартай Бекежанов, Үмбеталы Кәрібаев, Төлеу Көбдіков, Қайып Айнабеков, Омар Шипин, Сәттігұл Жанғабылов, Қуат Терібаев, Орынбай Таймапов, тағы басқа көптегеп ақындар өздерінің өлен жырларымеп келіп қосылды. Бұл жыйнақтың ішіне шығармалары бұрын жыйнаққа қосылған және кітап болып шыққан ақындар да қосылды. Жыйнақтың негізгі мақсаты, қолына қалам алып колхоздан-ауылдан өлең жазған ақын өлеңшілеріміздің өзінше тәуір деген өлеңдерін қосып олардың шығармаларын да оқушыларына, бүгінгі қазақ совет ауыз әдебиеті түрінде жыйнап шығару болды.