Өмір мектебі Балаларға арналған варианты

0.00 Средний рейтинг0 голосов
Издатель: Қазмемкөркемәдеббас
Жанры Көркем әдебиет
Авторы:
Страницы: 204 страниц
Город публикации: Алматы
Язык книги: қаз. тілі
Хранилище: ОӘҒК

"Өмір мектебі - жазушы Сәбит Мұқановтың 1970 жылы Алматы қаласындағы «Жазушы» баспасынан қазақ тілінде жарық көрген 3-томдық мемуарлық романы. Алғашқы кітабында жазушының шыққан ортасы, жетімдікпен, жоқшылықпен өткен балалық шағы; одан кейінгі кітабында елдегі әлеуметтік өзгерістерге ілесе, білім жолына ұмтылысы, қоғамдық істерге араласа бастаған жастың алғашқы қадамы сипаталады. Ал соңғы кітапта Мұқанов өзінің ақын, азамат, қоғам қайраткері ретінде есеюі жайында сыр шертеді. Сол арқылы ел өміріндегі өзгерістер, қоғамдық жаңару сөз болады. «Есею жылдары» кітабына Қазақстанның Кеңес өкіметі тұсындағы өмірі негіз болған. Кітап авторы қазақ ауылындағы тап тартысының күшеюі, ауылдың кеңес жолына түсуі, Қазақстандағы алғашкы өндірістер мен ұжымшарлардың құрылуы, жаңа әдебиеттің тууы мен қалыптасуы сияқты негізгі оқиғалар жайын әңгімелей отырып, осы жолдағы қиыншылықтар мен асыра сілтеу фактілерін де өз пайымдауымен сипаттайды. Бүкіл шығарманың идеялық түйіні - 20 ғасырдағы халықтың азаттық жолындағы күресі мен жеңісінің табиғи жолын көркем бейнелеу. 3-кітаптың «Қарсақбай сапары» атты тарауында автордың Қарсақбайға барған сапары сөз болады. Ол сол сапарында жас инженер Қаныш Сәтбаевпен танысқанын, Қаныштың өлке тарихы және Жезқазғанның болашағы, атқарылып жатқан жұмыстар жайында қозғаған әңгімесін баяндайды. "

Отзывы

Обязательные поля помечены *. Ваш электронный адрес не будет опубликован.