"Түрі улттық, мазмұны социалистік қазақ әдебиетінің көрнекті қайраткері Сәбит Муқановтың әдеби енбектері республика журтшылығына, бүкіл совет халқына көптен мәлім. Сәбит Муқанов әдебиетіміздің совет дәуірінде дамыған саласы - прозаны өрістетуде де көп еңбек сіңірді. Сәбиттің «Ботагөз» (1938 жыл) романы қазақ прозасында шын мағнасындағы роман жанрын тудыруға бастама болды. Сәбит Муқанов - қулашы кең, үні жарқын, келешегі мол дарынды жазушы. Ол өзінің таңдаулы шығармаларында қатардан қалмай, туған елінің басты-басты кезеңдерін суреттей, ержүрек замандастарының ерлік істерін жырлай отырып, қазақ совет әдебиетінің қазнасына аса қунды, айрықша бағалы үлес қосты.