Сарбала

0.00 Средний рейтинг0 голосов
Издатель: Қазмемкөркемәдеббас
Жанры Көркем әдебиет
Авторы:
Страницы: 365 страниц
Город публикации: Алматы
Язык книги: қаз. тілі
Хранилище: ОӘҒК

    «Сарбала» повестін белгілі совет жазушысы Алексей Иванович Свирский жазған. Бұл кітап жарыққа бірінші рет 1901 жылы шығып, содан бері әлденеше рет қайта басылып келеді. Революциядан бұрынғы, патша Россиясында тұрмыстың бар ауырлығын басынан кешірген жетім-бала – кішкентай Сарбаланың тағдыры жас өріндерінің талай буындарының көңілін аудармай қоя алған жоқ. А.А. Свирский 1865 жылы туған. Балалық шағын, ержету дәуірін панасыздықта, қаңғып жүріп, топырақ қазып, «қолбала», слесарь боп жұмыс істеумен өткізді. Бүкіл Россияны кезуіне де тура келді. Свирскийдің бірінші очеркі 1892 жылы басылып шыққан. Ұлы Октябрь социалистік революциясынан кейін А.И. Свирский өмірбаяндық сыйпаты бар ірі-ірі шығармалар жазды: «Менің өмірімнің тарихы», «Еңістерде», және басқалар. Жазушы-большевик бұл шығармаларында ескі заманның жиреніш өмірін әшкерлеп, жаңа өмір орнатуға белсене қатысуға, жарқын болашаққа шақырады.

Отзывы

Обязательные поля помечены *. Ваш электронный адрес не будет опубликован.