Издатель: | Сытина баспаханасы |
Жанры | Көркем әдебиет |
Авторы: | Исабай Қалмұқан |
Страницы: | 96 страниц |
ISBN13: | 9786017896133 |
Город публикации: | Павлодар |
Язык книги: | қаз. тілі |
Хранилище: | ОӘҒК |
Баянаула өңірі табиғатының ерекше көркемдігімен алтын білезік бетіндегі жарқыраған жауһар тастай жайнаған әрі даңқты перзенттерімен аты шыққан жер жанаты екені барша жұртқа аян. ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің Астанада өтуіне байланысты Баянаулаға қазақстандық және шетелдік туристердің көп келе-тұғынын ескере отырып, осы өңірде туып өскен, Ұлы Отан соғысының ардагері, белгілі жазушы, Баянауыл ауданының және Павлодар облысының Құрметті азаматы Қалмұқан Исабай демі таусылар алдында Ертіс-Баянаула өңірінде туризмді дамыту бағыттары жайында өз пікірін жазып кеткен екен. Енді, міне, қалың оқырман назарына жерлес, асыл ағамыздың (Алла одан разы болсын) артында қалған қолжазбасын басылым ретінде ұсынуды жөн көрдік. осы кітаптың редакторы С.И. Жақсыбаев, Екібастұз қаласының Құрметті азаматы, ҚР-ның Минералдық ресурстар академиясының корреспондент-мүшесі.