Издатель: | Сытина баспаханасы |
Жанры | Көркем әдебиет |
Авторы: | Жабықбаев Секербек |
Страницы: | 162 страниц |
ISBN13: | 9786012841978 |
Город публикации: | Павлодар |
Язык книги: | қаз. тілі |
Хранилище: | ОӘҒК |
Секербек Жабықбаевтың жыр жинағы туған жерге деген балалық ықылас, адамдар арасыңдағы ізгі-құрмет, махаббат тақырыбын кеңінен қамтиды. Ақынның өлең өлкесіне үлкен әзірлікпен келгендігін әр шумақтағы түйінді ойлар мен жүйесін тапқан тартымды ұйқастардан да аңғаруға болады. Бір ретте өлеңдердің жалпы тақырыптық деңгейі үлкен бір арнаға тоғысады десек те, әр өлеңнің қоніл-күйді шертетін жеке туынды, жеке шығарма екендігі аңғарылады. табиғаты көркем, үлкендері өнегелі ауыл баласы сыршыл, сезімтал келері хақ. Өлең жолымен есейген ақын, адами психологияны әбден меңгергені анықталып тұр. Өз қазағының үлкендеріне деген ілтипатын, аса бір ғажайып құрметпен қабылдап, ұлт табиғатына терең бойлай отырып, адамдық болмысты тұңғиықтан тартып жинақы жырласа, қатардан озған дос-жарандарын сағынышпен еске алып қинала іздейді. Басқаларға белгісіз қырларын мүсіндеп қалап, заңғар биікке дейін көтереді. Бұл жинақта да ақын өлеңдерінен шынайы сезімін, мөлдір ойы мен ашық көңілін айқын ұғамыз. Тілі шұрайлы, көркемдігі келісті жинақ көпшілік оқырмандар ойынан шығары анық.