Издатель: | Сытина баспаханасы |
Жанры | Тарих |
Авторы: | Бисембаев Қайырбек |
Страницы: | 320 страниц |
ISBN13: | 9786012843446 |
Город публикации: | Павлодар |
Язык книги: | қаз. тілі |
Хранилище: | ОУНБ |
Қолдарыңыздағы кітапта автор Қайырбек Бисембаев өткен тарихтың біраз қатпарын қопарыстырып, өзі өмір кешкен, көріп-білген, тереңнен таныған, санаға зерделеген оқиғалардан сыр ақтарады. Сексеннен асқан жасы бар, өмірден көрген-түйгені мол ақсақалдың жазбаларынан дәуірлердің сабақтастығын, адамдардың мінез-болмысын тани түсеміз, қоғамдық тірліктегі адами қарым-қатынастардың сан алуан жағдайына куә боламыз. Еңбек майданындағы ерліктер мен ездіктер, кісілік пен кішілік, тәкаппарлық пен кеңшілік, іскерлік пен әлжуаздық, жанашырлық пен жадағайлық, табандылық пен түрашылдық, әділдік пен әлімжеттілік, отбасылық, түыстық қарым -қатынастар, тәлім-тәрбие - осылардың барлығы да Қайырбек Бисембаевтың қаламына түрткі болған. "Жазылып қойған хатпен тең" ақсақалдың өткенді еске түсіріп, санада сүзіп, қал-қадірінше жинақтап, кітап етіп шығаруы - үлгі тұтарлық игі іс. Жинақта ақсақал өнер бағытында да бірталай оқиғаларды еске түсіріп, жұртшылыққа жеткізүді мақсат еткен екен. Жинақ өңір, өлке тарихын танығысы келетін оқырманға арналған.