Бұл жинақта ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері С. Торайғыровтың мектеп бағдарламасына енген көлемді шығармалары: "Адасқан өмір", "Кедей", "Жарқынбай", "Кім жазықты"
поэмалары мен "Қамар сұлу" романы және С. Көбеевтің "Қалың мал" романы берілді. Кітап жоғары класс оқушыларына арналады.