М. Жаманбалиновтың алғашқы өлеңдері 1952 жылы "Пионер" журналында және "Қазақстан пионері" газетінде жарияланған. Алғашқы өлеңдер жинағы - "Айна бұлақ" - 1956 жылы шықты. Балаларға арналған жұмыстары
отыздан аса кітапта жарық көрді. Аудан тарихы туралы деректі хикаялар "Сөз сүйектен өтеді", "Түгел батыр және оның ұрпақтары", "Ақшам", үш томдық "Әйгілі аудан - Ертісім" жинақтарына енген. "Жақсының аты өлмейді, ақынның хаты өлмейді" - дегендей атамыздың өмірден өткеннен кейін, 2012 жылы "Алма ағашы" атты кітабы үкімет тапсырысы бойынша 2000 данадай шығып бүкіл Қазақстан бойынша таралды. Бұл жинақтың алғашқы бөлімінің негізі 1998 жылы жеке кітап болып шыққан. "Ақшам" кітабынан алынып, жаңа туындылармен толықтырылған.
Кейбір бұрынғы кітаптағы өлеңдер өңделген бөлім "Аштық азабы" поэмасымен толықтырылған. Кітаптың келесі бөлімдері "Ой түйіндері", "Ақ бата" деген тақырыптармен беріліп отырған туындылар қарт ақынның соңғы жылдарда жазған еңбегіннің жемістері. Кітаптың шығуына себепкер болып отырған ақынның кенже ұлы Талап Мүбәракұлы Жаманбалинов.