"TAN ATARDA" атты кітапқа елімізге белгілі қаламгер, көрнекті журналист, ақын, жазушы, сазгер, ардагер ұстаз Зекебай Солтанбайұлының жазған "Өлкедегі өмір" бөліміндегі мақалалары мен "Тығырық" бөліміндегі өлең-жырлары берілген. Автор шығармаларында адамгершілікті, тәрбие мәнің, туған жер, отаншылдық, ауыл тыныстіршілігі, қоғамдағы әртүрлі өзекті тақырыптар туралы ой-толғаулары айтылады. Мақсат, өткенімізді бүгінгі өскелең ұрпаққа жеткізу. Бұл кітап бүгінгі еліміздің "Рухани жаңғыру" бағдарламасына автордың сонау жылдардан бастап қосқан жеке үлесі деп білеміз. Шығарма көпшілік оқырмандарға және әдебиет сүйер қауымға арналады.