Ғұлама-наме Ғылыми трилогия

0.00 Средний рейтинг0 голосов
Издатель: Хас-Сақ - 2016
Жанры Көркем әдебиет
Авторы:
Страницы: 640 страниц
ISBN13: 9786013371399
Город публикации: Нұр-Сұлтан
Язык книги: қаз. тілі
Хранилище: ОӘҒК
"Ғұлама-наме" - трилогия. Бірінші кітап - хакім Абайға, екінші кітап - данышпан Шәкәрімнің Ар біліміне, үшінші кітап - кемеңгер Мұхтарға арналған. Автор белгілі ғалым, академик Ғарифолла Есім "Ғұлама-наме" трилогиясын жазуға ширек ғасыр ғұмырын арнады. Трилогия автордың ұзақ ізденісінен, толғанысынан, нақтылы зерттеулер нәтижесінен туған аса құнды шығарма. Абай, Шәкәрім, Мұхтар қазақтың төл мәдениеті тарихындағы "бір сөйлем секілді" құбылыс. Абай сөйлем бастауышы болса, Мұхтар мұрасы - баяндауыш, Шәкәрімнің "Ар білімі" сөйлемдегі ойдың - анықтауышы. Біртұтас ғажап әлем - қазақтың ғұламалық әлемі. Автор үш тұлғаның шыққан топырағы Атамекендегі ғұламалық дәстүрге беташар бөлімінде қысқаша талдау жасаған. Олар арғызаман Сақ ойшылы (б.з.д. V-VII). Анахарсис, пәлсапалық ойлау жүйесінің негізін салушы Әбу Насыр әл-Фараби және түрік дәуір ойшылдары: Иоллығтегін, Қорқыт, Қожа Ахмет Иассауи, Жүсіп Баласағұндар - қазақ Ұлы Даласындағы ғұламалық дәстүрдің тарихи-рухани сабақтастығының үзілмеген үлгісі. "Ғұлама-наме" - Атамекен ойшылдарына арналған кең тынысты, герменевтика тәсілімен жазылған пәлсапалық тұңғыш еңбек. "Ғұлама-наме" - трилогиясының дүниеге келуі - Қазақ елі Тәуелсіздікке жеткенде ғана мүмкін болды.

Отзывы

Обязательные поля помечены *. Ваш электронный адрес не будет опубликован.