Кітаптағы өлеңмен жазылған ертегі мен мысалдар жас оқырмандардың оқуына жеңіл әрі тәрбиелік, танымдық мәні зор. "Аудармалар" бөлімінде әлемге әйгілі жазушылар - В. Шекспирдің, Д. Лондонның, С. Михалковтың балаларға арналған таңдамалы шығармалары, сондай-ақ корей, ағылшын, швед, грек, қытай, парсы, норвег және жапон халықтарының ертегілері көркем де жатық тілмен аударылып берілген. Олар баланың ой-өрісін дамытумен бірге адалдық пен ізгілікке, мейірімділік пен татулыққа үндейді және қоршаған орта туралы түсінігін кеңейтуге ықпал етеді. Кітап балалар мен жасөспірімдерге арналған.