Ақын қалам ұстаса - ақиқат, ал қалам тербесе ар сөйлейді, қаламын ұштаса - қайырым нұры шашырайды. Ананың қаламымен бірге әлем тербеледі. Ол өз тағдырын өлеңмен өріп, жырмен жайқалтты. Басына түскен қайғыны жырмен сейілтті, қуаныш нұрын жырымен жеткізді. Ертістің ерке ақыны атанған Шолпан Байғалының өлең өлкесінде өз өрнегі бар. Кітап өлең сүйер көпшілік қауымға арналады.