"Самғау мен күйзелу" 2010-жылы шыққан "Инженер" романының жалғасы. Бас кейіпкер Тлеубек ССРО Энергетика Министрлігінің ұйғаруымен Бурят жеріндегі Гусиноозерск ГРЭС-інің бірінші энергоблогын іске қосу үшін штаб бастағы қызметіне жіберілген. Талайды көрген алпауыт басшылармен тіл табысып, икеміне көндіріп, тапсырылған міндетті ойдағыдай орындайды. Кейін аласапыран кезеңге килігіп, қиындыққа мойымай, табандылық танытқанмен жәбірлеу мен түрткілеу жан қыйнамай қоя ма. Бұл роман да кейіпкерлерге, қым-қиғаш уақиғаларға толы, сонысымен тартымды.