"Таңбалы жарғақтың құпиясы"-"Бақыт", "Ертіс мұхитқа құяды", "Тұлпардың сыны", "Жердің үлгісі", "Ғасыр
наны", "Сусамыр" атты романдардың авторы, белгілі жазушы Рамазан Тоқтаровтың өзіндік жаңа формасын тауып, есте жоқ ерте заман мен бүгінгі күннің көкейкесті мәселелерін тығыз байланыстыра суреттеген көлемді туындысы. "Жер асты патшалығы" дегеніміз не? Американы тұңғыш ашқан Христофор Колумб па? Төрт құбылаға түгел жайылған көшпелілер қайдан шықты?-Мұның бәрі алдағы уақытқа шешуін талап ететін пісуі жеткен өзекті мәселелер. Романның басты кейіпкерлері археолог Ұлысбек пен ғалым-психолог Бернияз, оның болашақ әдебиетші баласы Аржан алған беттерінен қайтпайтын ар-ожданы биік азаматтар бейнесінде көрінеді.