Рамазан Тоқтаров - оқушы қауымға "Бақыт" атты алғашқы романымен танылған жазушы. "Ертіс мұхитқа құяды" оның екінші көлемді туындысы. Адамның дүниеге келуі, тіршіліктің мән - мағынасы, семья мен қоғамның ара қатынасы, жастық, махаббат сыры - бұл романның негізгі арқауы. Автордың мазмұн тереңдігіне ұмтылуы, сол мазмұнға лайық жаңа формалар табу жолындағы ізденістері назар аударады.