Жазушы Рамазан Тоқтаров 1935 жылы Павлодар қаласында туған. 1957 жылы Алматыдағы шет тілдер
институтының француз тілі факультетін бітіреді. Оның әңгіме-повестері тұңғыш рет "Ертіс перзенті" деген атпен 1962 жылы жарық көрді. Одан кейін автор жастар өмірінен "Бақыт" романын жазды (1965). Рамазанның соңғы кезде бітірген толымды туыныдысы-"Ертіс мұхитқа құяды" атты роман. Оның бірінші кітабы өткен жылы басылып шыққан-ды. Екінші кітапта оқушы қауым Бекет, Наурыз, Қоңырат, Қалима, Арын, Мәликелермен тағы да жүздеседі, солар басынан кешкен әр алуан тағдырдың куәсі болады.