Автордың бұл жаңа шығармасында ел өміріндегі елеулі бір оқиға - тың көтеру тақырыбы арқау болған. Романның бас кейіпкері Серіжан бейнесінде алғашқы тың көтерілген жылға тән күрт өзгеріс, жаңғыру бар. Оның табиғатынан тағдыр тартысын, сана күресін байқаймыз. Шығармада бұдан басқа да есте қалар тұлғалы
бейнелер жетерлік. Жәми, Ястребцев, Қазына, Мұхит, Петрушалардың бойынан тың көтерген жандардың толық қанды бейнесін көреміз. Романда сонымен бірге ұлттар достығы, Совет адамдарының рухани туыстығы тамаша көрініс береді.