Кешегі кеңестік кезең. Қызыл төңкеріс, қызыл қырғын... Кемелденген социализм тұсындағы "бақытты" тұрмыс. Коммунистік қоғамның "таза" моралімен тәрбиеленген ұрпақ... Белгілі жазушы Рамазан Тоқтаровтың бұл романы қаламгердің артында қалған, жарық көрмеген жаңа шығармасы. Көлемді туындыда сол кеңестік кезең аталған тұтас бір дәуірде халық басынан өткен аласапыран оқиғалар мен жаймашуақ күндер қатар өріліп, уақыт, заман тынысын бейнелейтін жанды суреттер жасалып, ел мен жер тағдыры, замана келбеті көркем баяндалады.