Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармаларының бұл жинағы негізінен ақынның 1950 жылы, Қазақ ССР Ғылым Академиясының баспасы басып шығарған жинағы бойынша әзерленді. Сол басылуындағы өзалдына бөлім болып кірген жаңа табылған өлеңдері мұнда "өлеңдер" деген бөлімге енгізіліп, жыл ретімен берілді.