Соғыстан кейінгі жылдары жетімдік пен жетіспеушілікті көріп өскен зерек те, аңғал баланы өмір өзі шындағандай. Тлеубектің алдын-ала тереңнен қамтылған инженерлік дайындыкпен жұмысты атқару мерзімдерін қысқарта білуі талайды көрген тәжрибелі мамандарды тамсандырған. Қатал талап пен дипломатияны шектестіру қиын-қыстау жағдайлардан сүрінбей өтуге қөмектеседі. Бәрі бірдей ыстық пышақпен май кескендей бола бермейді. Роман кейіпкерлерге, қым-қиғаш уақиғаларға толы, сонысымен тартымды.