Жас бала, жеткіншек, жігіт, өрта және ілгepi жастағылардың әзілкүлкісі, сыры мен мұңы жинақтағы әңгімелердің өзегі. Қазақтың әттегенайы мен аңкаулығы, тапқырлығы мен өз намысын, ел намысын басқа халықтар арасында қорғай білетін қабілеті, автордың шет елдегі жемісті еңбегі, сол елдің салт-дәстүріне, өзгешеліктеріне бойлай үңіле білуі оқырманды қызықтырып, ой қозғайды.