Өзім туралы повесть

0.00 Средний рейтинг0 голосов
Издатель: Қазмемкөркемәдеббас
Жанры Көркем әдебиет
Авторы:
Страницы: 166 страниц
Город публикации: Алматы
Язык книги: қаз. тілі
Хранилище: ОӘҒК , Ертіс ОКЖ
Дей тұрғанмен, шығарма алғаш 1957 жылы “Өзім туралы повесть” деген атпен жарық көргенде әдебиетшілер арасында талас та тудырған еді. Бұзақы Қожаның шәлкес қылықтарымен танысқан балалар бұзылып кетеді деп қорқушылар да болған. Өйткені, елуінші жылдардағы балаларға арналған санаулы повестерді шолып шықсақ, балғын кейіпкерлер негізінен тәртіптілігімен, ересектер алдында инабаттылығымен, социалистік меншікті сақтауға және қорғауға, қоғамдық еңбекке шама-шарқына қарай ұмтылушылығымен ерекшеленетін. Міне, осы кезеңде бойындағы табиғи болмыс-бітімімен, өзіндік қарама-қайшылықтарымен әдеби аренаға шыға келген Қожа тәрізді бейнені көргенде әдеби қауымның тосылып қалуы түсінікті еді. Бірақ повесть орыс тіліне аударылуы мұң екен, қазақтың сүйкімді де сотқар баласы дүние жүзін аралап кете барды. Туынды украин, өзбек, молдаван, литван, латыш тілдерінде бірінен соң бірі басылып шықты. Француз тілінде де жарық көрді. Талантты режиссер Абдолла Қарсақбаевтың повесть бойынша түсірілген кинокартинасы 1967 жылы Францияның Канн қаласында өткізілген балалар мен жасөспірімдер көркем фильмдерінің дүниежүзілік фестиваліне қатысып, жүлделі орынға ие болды. Бұндай творчество бақыты тек талантты, санаулы суреткерлердің еншісіне ғана бұйыратыны мәлім.

Отзывы

Обязательные поля помечены *. Ваш электронный адрес не будет опубликован.