Ақкел совхозының аймағын ескі заманнан бері халық Ақкөл - жайылма атап келген. Арқаның белгілі екі өзені - Өлеңті мен Шідерті тасығанда аралығындағы ойпаңдау жазықты ұшы-қиырына көз жеткізсіз ақ айдынға айналдырып жіберетін болған. Ақкөл - жайылма деп осы көрініске орай аталса керек.