Губерниялық очерктер

0.00 Средний рейтинг0 голосов
Издатель: Қазмемкөркемәдеббас
Жанры Көркем әдебиет
Авторы:
Страницы: 551 страниц
Город публикации: Алматы
Язык книги: қаз. тілі
Хранилище: ОӘҒК
Салтыков өмір бойы әдебиетпен шұғылданады. Әсіресе оның сүйіп оқитыны орыстың ұлы сыншысы Белинскийдің шығармалары болды. Салтыковтың ең бірінші тырнақ алды еңбектері «Қарама-қайшылық», «Шатақ жағдайлар» повестері. Бұл шығармаларында жазушы өзінін революциялық идеяларын білдіреді. Бірақ патша үкіметі жаңа өсіп келе жатқан тамаша жазушы Салтыковтың соңынан тексеру жүргізіп тұтқынға қамап, Вятька даласына жер аударады. Салтыков коғамның мәдениетінен, саясатынан амалсыздан қол үзіп, сегіз жыл шамасы айдауда жүреді. Салтыков тек жазушы ғана емес еді, ол өте ірі саяси қайраткердің бірі еді. Оның шығармаларынан самодержавиеге, езуші тапқа қарсылық пікірлер көрініп тұрады. Ол сонша жігермен, сонша қайратпен, сонша адамгершілікпен өзінің шығармалары арқылы самодержавиеге қарсы күрескен. Өзінің «Бір қаланын тарихы», «Ташкенттік мырзалар», «Губерниялық очерктер» деген шығармаларында ашық айқын Ресей шаруаларының типін және жауыздық, езушілік, капиталистік қанауларды тамаша суреттеп анық көрсетеді. Салтыков-Щедрин езінің шығармаларында капиталистік қоғамды оның ішіндегі соның жақтаушыларын, помещиктерді, кулактарды, езуші таптарды сықақ етеді.

Отзывы

Обязательные поля помечены *. Ваш электронный адрес не будет опубликован.