Жүсіпбек Аймауытов Библиографиялық көрсеткіш

0.00 Средний рейтинг0 голосов
Издатель: ЭКО
Жанры Әдебиеттану
Страницы: 118 страниц
Город публикации: Павлодар
Язык книги: қаз. тілі
Хранилище: ОӘҒК
Жүсіпбек Аймауытов 1889 жылы қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген. Он бес жасына дейін туған ауылында болған ол әуелі ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Бұдан кейін де әр түрлі молдалардың алдын көріп, ескіше едәуір білім жинайды. Жүсіпбек шығармашылығы әуел баста өлең жазудан басталады. Өзінің деректері бойынша ол тұңғыш өлеңін 13 жасында жазған. Оның ақындық жүрегінен туған "Жазушыларға", "Неғып отыр?", "Ах-ха-ха-хау", "Ұран", "Еңбекшілер ұраны" секілді өлеңдері мен "Нұр күйі" поэмасында ақын бұрынғы өмірдің келеңсіз жақтары мен өз дәуірінің көріністерін ақындық сезімталдықпен жырлайды. Бұл биобиблиографиялық құралда жазушының өмірбаяны мен шығармашылығы жайлы дереккөздер толығырақ қамтылған.

Отзывы

Обязательные поля помечены *. Ваш электронный адрес не будет опубликован.