Сейтжан Омаровтың кемел шеберліктен, терең дуниетанымнан, эстетикалық қабылдауынан туған көркем прозасы адамзатқа, табиғатқа, заманға, уақытқа бағышталған.
Шабыт құдіреті, рухани қабілеті, тегеурінді түйсік қуаты оның көкейкесті ойларын, толғаныстарын ізгілік пен сұлулықтың бесігінде тербетіп, көркемдік ой сезім әсерлеріне, лирикалық әуез сарындарға көмкеріп, есілте көсілте
сөйлетеді. Асылы, шынайы мәдениетті көркем шығарма поэзияның, музыканың, философияның үздік қасиеттерін өн бойына жинақтайды. С. Омаров прозасы полифониялық айрықша. Жазушының өзіндік суреткерлік қолтаңбасы, өзіндік
көзқарасы бар. Кітап қалын оқырманға арналады.