Бұл жинаққа жас ақын Раушан Аманкелдіқызының ақындық шабытынан туған алғашқы жырлары енгізіліп отыр. "Гүл қызымын "жыр" деген", "Туған жер - Алтын бесік", "Жақындарым - жақсыларым", "Тұлғаларға тағзым", "Ақ арманым" бөлімдерінде Раушанның шалқар шабытпен жазылған кіршіксіз ойының түйіндері өрнек болып өріледі. Ақ бұлттармен арманын астастырған ақын қыздың балауса жүрегінен шыққан бұл жыр кітабы көпшілік оқырманға арналған.