Оқырмандарына өз ойынан туындаған қанатты сөздерімен, мақал-мәтелдерімен танымал автордың бұл екінші кітабы. Бұл топтамада да шынайы өмірмен тығыз байланыста туған ұтымды ойлар, тәлім-тәрбиелік мәні зор шағын да болса шымыр туындылар берілген. Автордың бұл кітабы мектептерде тіл дамыту ісіне пайдалануға боларлық құрал. Жинақ негізінен жалпы оқырманға арналған.