Мен бұл еңбегімде Индияның үкімет басшысы Лал Баһадур Шастри қайтыс болғанда, оны жерлейтін отбасының қаражаты да болмағанын, Үкімет оның адалдығын ескеріп, отбасын өмір бойы мемлекет тарапынан сақтауға шешім қабылдағанын көрсеткім келді. Сол секілді Қашыр ауданының хатшысы Әубәкір Ыбыраев ауданды 18 жыл билеп, зейнеткерлігіне шыққанда, киер киімінен басқа ештеңесі болмағанына халықтың көзі жеткен еді, оның далдығын келер ұрпаққа жеткізуді мақсат тұттым. Сол сияқты бұл еңбегімде қазіргі елге абыройлы еңбек eтіп жүрген азаматтарды және өмірден өткен асыл жандардың ісінен мағлұмат алуға шақырып, келешек ұрпаққа тәрбие болса екен деген ойдамын. Ауданымызда туып өспесе де адалдығын ecкеріп, жершілдікке бөлуді мақсат етпедім.