Мәшһүр Жүсіп Көпеев туралы төртінші кітап Ғұлама, бұл шығармада Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің осы, соңғы өмір кезеңі ел аузында көбірек айтылуына байланысты халық анызының шындық көрінісін сол қалпында оқырманға жеткізу тарихи мұраның таза, құнды түрі болатындығы ескерілді. Жасандылыққа бармай, барынша жазба деректерді, қуәлі әңгімелерді арқау ете отырып, бірыңғай басты кейіпкердің білім қазынасын дәлелдеу, ол табиғат мырзалығы, дарын даралығы, ғұлама жанның заңды өркендеу жолы болатындығы жырланды.