Аталмыш монографиялық зерттеуде кең байтақ қазақ жерінің Сарыарқасында орналасқан, көне түрік заманында Көктау, бергі қазақ заманында Баянаула, ал қазіргі кезенде Баянауыл атымен белгілі шурайлы тарихи аймағының жер жайы, археологиясы, сәулеттік жәдігерлері, киелі орындары, тарихи дамуы қарастырылады. Кітаптың мазмүны ғылыми деректерге негізделгенмен, көпшілік оқырман қауымға арналған. Өлке тарихы турасында дәйектелген мәліметтер берілген. Кітапта Орта жүз арғын құрамына енетін, тарихи дәуірде "Бес мейрам" аталған рулық одақтың ішіндегі Баянаула - Ерейментау өңірін мекендеуші Сүйіндік "Қулболды - Қаржас "елінің ата - тектерінің таратылуы берілген.